сейсенбі, 26 қараша, 2024 6:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданында «Әкім сағаты» жобасы 10 мәрте өткізілді

Жамбыл ауданында «Әкім сағаты» жобасы 10 мәрте өткізілді
ашық дереккөзі
Жамбыл ауданында «Әкім сағаты» жобасы 10 мәрте өткізілді
Жамбыл ауданының әкімі Сакен Арубаев халықпен етене байданыс орнату, тұрғындардың сауалына жедел жауап беру мақсатында қолға алынған «Әкім сағаты» жобасын 10 мәрте өткізді. Бейсенбі күні аудан басшысы «Жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» тақырыбында әңгіме өрбітіп, қараша халықтың сауалына тікелей эфир барысында жауап берді. Аталмыш жобада айтылған мәліметке тоқталар болсақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1020 отбасы мүшесіне 317369,6 мың теңге тағайындалып, толық төленген. Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша, кепілдендірілген әлеуметтік топтамалармен 639 отбасындағы 1107 бала толығымен қамтылды. (Игерілген қаражат 41205,9 мың теңгені құрайды). Төтенше жағдайға байланысты азық-түлік топтамасы (2 АЕК 5567 теңге) 6276 адамға 149224,0 мың теңге (наурыз, сәуір, мамыр, шілде,тамыз айларына) төленді; Тұрғын үй көмегі бойынша 102 отбасындағы 481 адамға 1377,0 мың теңге тағайындалып, 1192,0 мың теңге берілді. (185,0 мың теңге қаржыландыру жоспарына сәйкес төленеді); Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша, 95 отбасындағы 100 балаға 2610,0 мың теңге көлемінде төленді. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек бойынша, 429 адамға 28031,0 мың теңге тағайындалды Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша Аудан бойынша 2020 жылдың 01 қыркүйегіне 2638 мүгедектер тіркелген, (1 топтағы-201, 2 топтағы -761 адам 3 топтағы-1184 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 492 адам). Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету бойынша, 2020 жылға жалпы 82806,0 мың теңге (жергілікті бюджет 48396,0 мың теңге, республикалық бюджет 34410,0 мың теңге) қаражат бөлінді, оның ішінде 2020 жылға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жалпы 50732,0 мың теңге (19000,0 мың теңге жергілікті бюджет, 31732,0 мың теңге республикалық бюджет) бөлінді. 2020 жылдың 01 қыркүйегіне 304 адам міндетті гигиеналық құралдармен және 97 адам компенсаторлық құралдармен (компенсаторлық құралдарға түскен өтініш 121) қамтылды. Ымдау тілі мамандарының қызметі үшін ымдау тілі маманын қажет ететін 12 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 5542,0 мың теңге қаражат бөлініп, 2696,9 мың теңге игерілді. Жеке көмекшілердің қызметін көрсету бойынша жеке көмекшілердің қызметін қажет ететін 167 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 26532,0 мың теңге қаражат бөлініп, 13972,7 мың теңге игерілді. 2020 жылға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 6 нысанға 3 млн. 620 мың теңге қаражатқа бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. (Қоңыртөбе бастауыш мектебі, Қостөбе бастауыш мектебі, Өнер мектебі-1200,0 мың теңге, «Шұғыла-Радуга» аудандық редакциясы- 220,0 мың теңге , «Балдырған» бөбекжайы-1200,0 мың теңге, Аса ауылындағы спорт мектебі-1000,0 мың теңге). Әлеуметтік жәрдемақыларға бөлінген қаржылар 2020 жылға әлеуметтік жәрдем ақыларға 1 362859,0 мың теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 1 273 791,0 мың теңге: Республикалық бюджет трансферттері есебінен – 939 764,0 мың теңге; Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 216 335,0 мың теңге; Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 117 692,0 мың теңге; Тұрғын үй жәрдемақысы – 1 400,0 мың теңге; Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекке 37 116,0 мың теңге; Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 5 631,0 мың теңге; Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек – 35 021,0 мың теңге. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы Бүгінге ресми жұмыссыз ретінде 1598 адам тіркелген. Жұмыспен қамтуға "Еңбек" бағдарламасына қатысуға 3580 адам өтініш білдіріп, оның ішінде 3306 адам жұмыспен қамтылды (92,3%) 2020 жылға мемлекеттік, салалық және өңірлік, аймақтық бағдарламалар арқылы ашылған тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 3241 адам орналасты. I бағыт қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 162 адам. (шаштараз, аспазшы, тігінші, кондитер, дәнекерлеу ісі, автоэлектрик, визажист, маникюр, автокөлік жүргізушісі, массажист, ақпараттық жүйелер). II бағыт жаппай кәсіпкерлікті дамытуға шағын несие – 95 адамға берілді. (77 азамат мал шаруашылығына, 3 азамат тамшылатып суғару құрылғысын алуға, 4 азамат егін шаруашылығына, 3 азамат жүк көлігін алуға, 1 азамат балық шаруашылығына, 1 азамат ауыл шаруашылығы техникасына, 1 азамат компьютер құрылғыларын сатуға, 2 азамат теңгеге трактор алуға, 1 азамат экскаватор алуға, 1 азамат техникалық жөндеу орталығын салуға, 1 азамат астық сақтау тоңазытқышын алды). Несие алған азаматтардың ішінен қосымша 130 адамға жұмыс орындары ашылды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант 372 адам. "Бастау" бизнес жобасы аясында жоспар 234 адам. III бағыт халықты жұмыспен қамтуға «Жастар практикасы» бағдарламасына – 276 жас маман, Әлеуметтік жұмыс орындарына – 95 адам, Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 932 адам жолданып, Тұрақты жұмыспен – 1 075 адам қамтылды. Бүгінгі күнге мүмкіндігі шектеулі 65 азамат жұмыспен камтылды (қысқа мерзімді оқу курстарына 4 адам, 5 адам шағын несие, әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам, "Жастар практикасы" арқылы 6 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа 22 адам, қайтарымсыз грант 6, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды). Жамбыл ауданының баспасөз хатшысы Ақжігіт Жетпісбай
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар