18 тамыздан елімізде «Nur Otan» партиясының ішкі іріктеу праймеризі қызу жүргізілуде. Праймериз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, партияның белсенді мүшелері мен көшбасшыларын айқындаудың ең тиімді тетігі әрі ол тұңғыш рет жаңа сипатта өтіп отыр. Осылайша еліміздегі сайлау жүйесін демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басты.
«Билік партиясының «қайта жаңғыруының» нәтижесі ел бойынша ауқымды праймериз өткізу. Бұл – партияішілік сайлау. Бұл – шынайы әлеуметтік лифт. Бәсекелі таңдау, тың идеялар мен жобалар іздеу. Көптеген танымал саясаттанушылар мен белсенділер аталған идеяны қолдады. Бұл «Nur Otan» жақтастары лигасына біріккен және реформаларға қатысуға даяр белсенді азаматтық позициясы бар азаматтар. Біз ашық және есеп беретін партияішілік сайлау үшін қажетті жағдайды жасадық. Ең бастысы – ашықтық пен адалдықты, барлық қатысушыларға тең мүмкіндіктер мен бәсекелестікті қамтамасыз ету», деп Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 18 тамыздағы праймериздің басталуына байланысты жасаған Үндеуінде айтқан болатын. Облыста праймериз шаралары жоспарлы іске асуда. Аймақ бойынша барлығы 852 кандидат тіркелген. Олардың 308-і әйел болса, 243-і 35 жасқа дейінгі жас, 30-ы көпбалалы ана, 33-і қандас және 9-ы мүмкіндігі шектеулі жандар. Үміткерлердің 116-сы бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылса, 736-сы өзін-өзі ұсынды. Праймериз бекітілген ережеге сәйкес, бірнеше кезеңдерден тұрады. 7 қыркүйектен бері үміткерлер үгіт жұмыстарын жүргізуде. Ал 14 қыркүйектен Тараз қаласы мен аудандарда жария пікірсайыстар басталды. Бұл тұрғыда көпшіліктің көз алдында жеребе тартылған болатын. Айта кету керек, осы дүйсенбіден бастап партияның Тараз қалалық және Байзақ, Жуалы, Қордай, Сарысу, Талас, Шу аудандық филиалдарында 31 дебат ұйымдастырылды. Пікірсайыс барысында үміткерлер сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, маңызды мәселелерге тоқталды. Дебаттың екінші кезеңінде сұрақ-жауапқа кезек берілуде. Бұл шаралар партия филиалдарының әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфирден көрсетіліп жатыр. Жария пікірсайыстар 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ауылда газ болғанымен, ауруханада жоқ
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024