Бүгінде жастардың қоғамдық-саяси рөлі ауқымды реформалар кезінде күшейюі барлық халыққа тән. Себебі, жастардың жаңа жағдайға бейімделуі немесе жаңашылдыққа ұмтылысы жоғары деңгейде болғандықтан қоғамдағы өзгерістерден шет қала алмайды. Жалпы қоғамның дамуы, болшағына деген сенімді көзқарастың қалыптасуы сол қоғамдағы жастар және жастардың әлеуметтік-мәдени ұғымдық болмысымен тікелей байланысты. Бұл орайда қоғамның басты қозғаушы күші саналатын оларды тиімді пайдаланып, дұрыс жол сілтеуде жастар саясатының маңызы зор.
Әлбетте бұл саясат елдің әлеуметтік-мәдени дамуының негізі. Жастар саясаты өз кезегінде кез-келген елдің басты басымдығы. Өйткені жастар саясатының өзі жастардың қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени-рухани мәртебесін сақтау әрі қорғау шаралары жүйесі, осы тұрғыдағы мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызметі болып табылады. Сондықтан еліміздің жастарын ұлтжандылыққа, адамгершілікке, білімділікке, өркениеттілікке тәрбиелеу біздің ең басты құндылықтарымыздың бірі болмақ.
Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының мәліметтеріне сүйенсек, шаһар тұрғындарының саны 357 882 адамды құраса, оның 74 588-ы 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды хқұрайды екен. Яғни халық санының 20,8%-ын құрап отыр. Оның 37 596 ер, 36 992 қыз баласы.
60 мектепте 74 554 оқушы білім алса, оның ішінде 14-18 жас аралығындағы жастар саны – 14 582 құрайды.
Тараз қаласында 24 оқу орны бар, оның ішінде 2 жоғары, 22 арнаулы оқу орнында барлығы 42 052 студент білім алып жатса, 2 жоғары оқу орнында барлығы – 25 205 студент, оның ішінде күндізгі бөлімде – 13 195, ал сырттай бөлімде – 11 353 студент, магистранттар – 611, докторанттар - 46.
Арнаулы оқу орындарында барлығы – 16 847 студент, оның ішінде күндізгі бөлімде – 14 122, сырттай бөлімде – 2 476, кешкі бөлімде – 246 жас білім алады екен. Енді әр саладағы осыншама жасты жастар саясаты ұйыстырып отыр десек, артық айтқандық болмас.
Мәселен, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде жастарды, оның ішінде ауылдық жердегі жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары мен студенттік құрылыс жасақтарын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу туралы, Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолданыстағы мемлекеттік тетіктері туралы ақпараттық жұмыс жоспарына ұсыныстар беру сынды бастамалар тиімді жұмыс істеуде. Әрі бұл жастар саясатының негізі.

Ғ.Әмірбекұлы,
Ы.Дүкенұлы атындағы Қалалық мәдениет үйінің әдіскері
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбылдың жанашыр азаматтары
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024
Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024