Жолдау нақты мақсатты айқындады
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Н. Ергебековтың төрағалығымен ел Президенті Қ. К. Тоқаевтың"Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі" Жолдауы аясында актив жиналысы өтті. Актив жиынына қоғамдық ұйым өкілдері, этномәдени орталықтар, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында Ақсай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Құрмашев, Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы А. Дүрәліұлы, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Г.Қадырбек,аудандық кәсіпкерлер палатасы директоры Р.Айтбаев сөз алып, жолдау жолдарындағы жағымды жаңалықтарды жеткізіп, келелі ұсыныстарымен бөлісті. Аудан әкімі Н. Ергебеков Жолдаудың сапалы жүзеге асырылуы маңызды екеніне тоқталып, ауыл тұрғындарының атқарушы билік жұмысына бағасы сонымен айқындалатынын жеткізді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
"Оралман" сөзі ресми түрде "қандас" сөзіне өзгертіледі
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024
Саясат
Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024