Спорт
Аруна Джангельдина Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль иегері атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 10 қараша, 2025
- 422
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасының өкілі, дзюдошы Аруна Джангельдина алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Балуан қызымыз 78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, өз қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтты.
Финалдық кездесуде Джангельдина Камерун елінің спортшысы Георгику Мунесті тізе бүктіріп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Болат Сақаев Тиранадағы рейтингтік турнирде қола медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 ақпан, 2026






