жексенбі, 5 мамыр, 2024 10:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Атақты боксшы Асланбек Шымбергеновтің көптен күткен ұлы дүниеге келді

Атақты боксшы Асланбек Шымбергеновтің көптен күткен ұлы дүниеге келді
Коллаж: jambylinfo.kz
Ол бокстан Қазақстан құрамасының капитаны

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновтің көптен күткен ұлы дүниеге келді. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, ұлының суретін жүктеген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Спортшы атұстарынының есімін Мұхаммед деп қойған.

Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов наурыз айында Италияда өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді. 71 келіде өнер көрсететін боксшы 2023 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде топ жарып, күзде Қытайда өткен Азия Ойындарында қола жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ, ол Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында 69 келіде өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар