«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңін толықтай өз алаңында өткізеді: билеттер қашан сатыла бастайды
- авторБақытжан Бекболат
- 31 тамыз, 2025
- 799
УЕФА ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, футбол клубы «Қайрат» топтық кезеңдегі барлық кездесуін Алматыдағы Орталық стадионда қабылдайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кесте:
30 қыркүйек, 21:45 – «Қайрат» – «Реал» (Мадрид, Испания)
21 қазан, 21:45 – «Қайрат» – «Пафос» (Пафос, Кипр)
9 желтоқсан, 20:30 – «Қайрат» – «Олимпиакос» (Пирей, Грекия)
20 қаңтар, 20:30 – «Қайрат» – «Брюгге» (Брюгге, Бельгия)
Алайда клуб «Реалға» қарсы ойынға билет сатылымы туралы тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілерде тарап жатқан «Қайрат» — «Реал Мадрид» УЕФА Чемпиондар лигасы матчының билетін сату немесе алдын ала брондау жайлы ақпарат — шындыққа жанаспайтын, жаңсақ хабарлама.
Билетке қатысты жалғыз ресми дереккөздер — клубтың ресми сайты мен «Қайрат» ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары.
Қазіргі уақытта билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілген жоқ. Жанкүйерлерден билетті бейресми арналар арқылы сатып алмауларын қатаң түрде сұраймыз», – делінген «Қайраттың» хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






