«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты
- авторБақытжан Бекболат
- 2 қараша, 2025
- 392
Алматылық «Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Косовода өткен кездесуде «Қайрат» жергілікті «Приштинадан» басым түсті — 4:1.
Голдар тізімі:
4:35 — Оразов (0:1)
16:13 — Аррьета (0:2)
22:58 — Ромуло (автогол, 1:2)
29:42 — Оразов (1:3)
33:50 — Атирсон Оливейра (1:4)
Осы нәтижеден кейін алматылықтар өз тобында екінші орын алып, Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты. Бұл — клуб тарихындағы 22-ші рет қатысуы, әрі бұл көрсеткіш бойынша «Қайрат» — турнир рекордшысы.
Айта кетейік, биылдан бастап турнир форматы өзгеріп, элиталық кезең алынып тасталды. Енді 1/8 және 1/4 финалдық ойындар екі матчтық жүйемен — өз алаңында және сыртта өтеді.
Келесі кезеңде «Қайрат» өз тобында үшінші орын алған немесе «B жолының» жеңімпазымен кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






