Спорт
Қазақстан грек-рим күресінен Тиранада екі медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 12:15
- 3
67 келіге дейінгі салмақта Мейіржан Шермахамбет тамаша өнер көрсетіп, финалда грузиялық Диего Чхиквадзені айқын басымдықпен жеңді.
Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Muhamet Malo рейтингтік турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен екі жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
67 келі салмақта Мейіржан Шермахамбет алтын медаль иеленді. Финалда ол грузиялық Диего Чхиквадзені жеңіп, ел қоржынына грек-рим күресінен алғашқы алтынды салды.
Ал 63 келі салмақта бақ сынаған Ернұр Фидахметов қола медаль иеленді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Болат Сақаев Тиранадағы рейтингтік турнирде қола медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 ақпан, 2026






