Спорт
Қазақстандық Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалына шықты
- авторМағжан Орынбасар
- 7 сәуір, 2026
- 252
Финалға шығу үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан қырғызстандық Амантура Исмаиловтан басым түсті.
Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Алматбек Аманбек Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
72 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалдық белдесу 3:1 есебімен біздің спортшының пайдасына аяқталды.
Сондай-ақ, 60 келіге дейінгі салмақта Ербол Камалиев жартылай финалда солтүстік кореялық Се Ун Риге мерзімінен бұрын есе жіберді. Енді ол қола жүлде үшін белдеседі.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан құрамасы Бразилиядағы Әлем кубогында үш алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 сәуір, 2026
Спорт
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2026






