Спорт
Қазақстандық ауыр атлет Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 қараша, 2025
- 282
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
94 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрғиса жұлқа көтеруде бірінші орынға ие болды.
Ол бұл сайыста әлем рекордшысы (182 келі) әрі биыл өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері ирандық Алиреза Моейнимен алтын үшін таласты.
Нұрғиса үздік мүмкіндігінде 175 келіні көтеріп, топ жарды. Ал Моейни 171 келімен екінші орын алды. Түркиялық Хакан Курназ (165 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Нұрғиса Әділетұлы бұдан бөлек серпе көтеру мен қоссайыстың жалпы есебінде де жүлде үшін сынға түседі.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстандық спортшылар әлем чемпионаттарында тарихи рекорд жаңартты
- авторБақытжан Бекболат
- 24 желтоқсан, 2025
Спорт
Қазақстандық теннисші Еуропаның үздік ойыншысы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 желтоқсан, 2025






