сейсенбі, 22 қазан, 2024 16:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық спортшы қыздар олимпиадаға бармайды

Қазақстандық спортшы қыздар олимпиадаға бармайды
Фото - ашық дереккөзден
Өйткені, әйелдер күресінен ешбір спортшыда жолдама жоқ

Спорт журналисі Аслан Қаженов олимпиадаға әйелдер күресінен отандық спортшылар қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аслан Қаженовтың сөзінше, Түркияның Стамбұл қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен лицензиялық турнирде Қазақстаннан аттанған 6 спортшы жеңіліп қалған. Осылайша  Париж олимпиадасы алындағы соңғы іріктеу жарысында әйелдер күресінің өкілдері лицензиға қол жеткізе алмады.

  • Міне, осы бәсекеге әйелдер күресінен ұлттық құраманың 6 өкілі аттанып, 6-ауы да жолдамаға қол соза алмады. Яғни, Франциядағы жазғы ойындарға күрестің осы бағыты бойынша мүлдем қатыспаймыз деген сөз. Қасымда тұрған Қайрат Сағадиев жетекшілігімен бір кездері тарихтағы ең үздік нәтижелеріміз тіркеліп еді. Енді оның бас бапкер тұсында ең үлкен сәтсіздік те орын алып отыр. Міне, отандық спорт осындай парадоксқа толы. Өкінішті , -деп Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар