сенбі, 25 сәуір, 2026 0:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық спортшылар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшылар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: Никита Басов
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әйелдер арасындағы турнирге төрт команда қатысты: Қазақстан, Қытай, Таиланд және Гонконг. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтті. Яғни әр құрама бір-бірімен кездесті.

Соңғы кезең алдында Қазақстан мен Қытай құрамаларының еншісінде екі жеңістен болды. Сондықтан алтын жүлденің тағдыры қос команда арасындағы тікелей кездесуде шешілді.

Тартысты өткен матчта Қытай құрамасы жеңіске жетті. Қарсыластар үш кезеңде басым түссе, қазақстандықтар бір кезеңде ғана жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 3:1 Қытайдың пайдасына.

Осылайша, қазақстандық спортшылар екінші орынға ие болып, ел қоржынына жағажайдағы Азия ойындарының бесінші жүлдесін салды. Саньядағы додада ел намысын Ариадна Затыльникова, Камила Наурызбаева, Таира Мухаева, Яна Смолина, Василиса Антропова, Фатима Маткаримова және Аида Алпысбай қорғады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар