сәрсенбі, 7 мамыр, 2025 20:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық Тимофей Скатов Рим турнирінің екінші айналымына өтті

Қазақстандық Тимофей Скатов Рим турнирінің екінші айналымына өтті
ҚТФ
Ол бастапқы кездесуін франциялық Антуан Корнут-Чаувинкпен өткізді

Қазақстандық, әлемнің 172-ракеткасы Тимофей Скатов Рим (Италия) челленджер турнирін сәтті бастады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 546-орында тұрған франциялық Антуан Корнут-Чаувинкпен өткізді.

Бірінші партияда Скатов тай-брейкте таразы басын өзіне аударды – 7:6 (7:1).

Екінші сет те қазақстандық спортшының пайдасына шешілді – 6:4.

Екі сағат 2 минутқа созылған тартысты бәсекеде Скатов 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Корнут-Чаувинк 7 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 287-ракеткасы, Италия өкілі Стефано Травальямен таласады. 

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 258-ракеткасы Денис Евсеев алғашқы айналымда рейтингіде 422-сатыдағы аустриялық Сандро Коптан өте алмады – 4:6, 4:6.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар