Спорт
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан жартылай финалға жолдама алды
- авторБақытжан Бекболат
- 3 сәуір, 2026
- 211
Төрехан Сабырхан тәжікстандық қарсыласын жеңіп, Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда отандасымыз тәжікстандық Шамшер Саидовқа қарсы шаршы алаңға шықты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Төрехан Сабырхан кем дегенде қола жүлдені өзіне қамтамасыз етті.
Айта кетейік, бұған дейін 1/4 финалға Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) өткен еді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Айым Серікбаева таеквондодан жастар арасында әлем чемпионы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 сәуір, 2026
Спорт
Қазақстан құрамасы футзалдан әзербайжандықтарды 9:2 есебімен ұтты
- авторБақытжан Бекболат
- 15 сәуір, 2026






