"Барыс" ЦСКА-ға есе жіберді
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Мәскеуде өткізген Нұр-Сұлтанның "Барысы" жергілікті ЦСКА клубына есе жіберді.
Минскідегі сәтсіздіктен соң қазақстандық команданың бапкерлері құрамаға біраз өзгеріс енгізген еді. Алайда одан да оңды нәтиже шықпады. Бәсеке басталған бетте ойын тізгінін қолға алған ЦСКА-ның сайыпқырандары қақпамызға қатарынан екі шайба соқты.
Бұл голдардың авторлары – Максим Мамин (8 минут) мен Андрей Светлаков (11 минут). Үзіліске дейін "Барыс" есеп айырмашылығын қысқартты. 17 минутта Никита Михайлис қарсыластар қақпасынан саңлау тапты. Екінші кезеңнің соңында қонақтардың екі бірдей ойыншысы мұз айдынынан қуылды. Бұл жағдайда жергілікті хоккейшілер ұтымды пайдаланды. 37 минутте Антон Слепышев мергендік танытты – 3:1. Одан кейін қос ұжым қанша жанталасқанымен, таблодағы есеп өзгерген жоқ.
10 қыркүйекте "Барыс" Қытайдың "Куньлунь" клубын қабылдайды. Қос бірдей сәтсіздіктен жерлестеріміз тиісті қорытынды шығарып, бұл жолы өз жанкүйерлерін қуантады деп үміттенеміз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда тағы 64 адамнан коронавирус анықталды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024