жексенбі, 21 желтоқсан, 2025 19:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Барыс» елордада «Сочимен» кездеседі

«Барыс» елордада «Сочимен» кездеседі
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 21 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазірге дейін командалар 23 мәрте шеберлік байқасты. Оның 16-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің біреуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 34 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Сочи» 23 ұпаймен 22-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 23 желтоқсанда Ресейдің «Трактор» (Челябі) клубымен ойнаса, 25 желтоқсанда «Автомобилист» (Екатеринбург), 27 желтоқсанда «Амур» (Хабаровск) командаларымен кездеседі.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар