Спорт
Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева бокстан Қазақстан чемпионы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 21 қазан, 2025
- 996
Бүгін жарыстың шешуші финалдық кездесулері өтуде
Бокстан ересектер арасында Семей қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетуге таяды.
Аталған додада әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ дәрежесінде (50 кг дейін) жамбылдық спортшы Әйгерім Сәттібаева айқын басымдық танытты. Ол финалда Жетісу облысының өкілі Энел Құдайбергенді 5:0 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева — көпбалалы ана, бес перзенттің анасы. Соған қарамастан, ол спорттағы табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жоғары нәтиже көрсетіп, Жамбыл облысының намысын абыроймен қорғады.
Келесі мақала
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері брифинг өткізді
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






