Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бүгін, 10 сәуірде бокстан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шықты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында үндістандық Сачин Сачинмен кездесті.
Бірінші раундта үндістандық боксшы басымдық танытып, 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші үшминуттықта Оразбек Асылқұлов жүйелі жұмыс істеп, 3:2 есебімен жеңді.
Ал шешуші раундта Оразбек Асылқұлов шабуылда белсенді болып, нәтижелі соққылар жасай білді. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті отандасымызға берді.
Осылайша Оразбек Асылқұлов ұлттық құрама қоржынына алтын медальді салды.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан құрамасы Бразилиядағы Әлем кубогында үш алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 сәуір, 2026
Спорт
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2026






