Спорт
Екі қазақстандық дзюдошы Париждегі Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
- авторБақытжан Бекболат
- 9 ақпан, 2026
- 390
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Абылайхан Жұбаназар мен Нұрлыхан Шархан Париждегі Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін өткен белдесуде австриялық Бернд Фашингті тізе бүктірді.
Ал 100 келіге дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан нидерландтық Симеон Катаринамен қола жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде отандасымыз жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Grand Slam турнирін үш қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Аман Бақытжан (60 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.
Келесі мақала
Нобель сыйлығының лауреаты 7,5 жылға сотталды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан құрамасы Бразилиядағы Әлем кубогында үш алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 сәуір, 2026
Спорт
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2026






