Спорт
Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов 1/8 финалға жолдама алды
- авторБақытжан Бекболат
- 7 желтоқсан, 2025
- 496
IBA ұйымдастырған 2025 жылғы Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Турнирдің алғашқы айналымдарында ұлттық құраманың бірнеше өкілі рингке шығып, сенімді жеңістерге қол жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сәкен Бибосынов (54 кг) өзінің алғашқы жекпе-жегінде Ботсванадан келген Катлего Кеорапецені айқын басымдықпен — 5:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.
Сонымен қатар Даниал Сәбит те алғашқы кездесуінде қарсыласына еш мүмкіндік бермей, Кения боксшысы Кельвина Майнудан басым түсті.
Ал, 60 келі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда Серік Теміржанов моңғолиялық Эрдэнэбат Цэндбаатардан басым түсіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.
Келесі мақала
Қазақстан машина жасау саласын қарқынды түрде дамытпақ
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан құрамасы Бразилиядағы Әлем кубогында үш алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 сәуір, 2026
Спорт
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2026






