Әлем чемпионатына қатысады
Ертең Италияда велоспорттан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Қазақстан велоспорт федерациясы таратқан мәлімет бойынша, біздің команда жаһандық додаға толық құрамда қатысады.
Қазақстан құрамасынан әлем біріншілігінде еліміздің ең үздік деген алты спортшысы бақ сынайды. Атап айтар болсақ, Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Дмитрий Груздев, Даниил Фоминых, Юрий Натаров және Вадим Пронский. Айта кетеу керек, былтыр қазақстандық спортшылар әлемдік жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткені үшін Италияға толық құрамда аттанды. Ал Қазақстан спортшылары әлем чемпионатына толық құрамда осыдан 11 жыл бұрын, яғни 1999 жылы қатысқан екен.
Жалпы велоспорттан әлем чемпионаты биыл Швейцарияда өтуі тиіс еді. Алайда пандемияға байланысты жарыс тамыз айында Италияға ауыстырылды. Біріншілік 27 қыркүйекте аяқталады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Журналистердің салалық кәсіподағы құрылды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2026
Спорт
Александр Шевченко Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2026






