жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлемнің 13-ракеткасы Анна Данилина Токио турнирінің чемпиондық атағы үшін таласады

Әлемнің 13-ракеткасы Анна Данилина Токио турнирінің чемпиондық атағы үшін таласады
Фото: Sports.kz
Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп 4:1 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:2.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 13-ракеткасы Анна Данилина Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен сербиялық Александра Крунич жартылай финалда жапониялық Сюко Аояма – испаниялық Кристина Букшамен жолықты.

Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп 4:1 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:2.

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Данилина – Крунич брейк жасай білді. Содан кейінгі геймде жапониялық-испаниялық дуэттің брейкпен қарымта қайыруына жол берген жоқ. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді - 6:3.

Бір сағат 16 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Аояма – Букша 1 брейкті (5 брейк-пойнт) қанағат тұтты.

Осылайша, Токиода чемпиондық атақ үшін таласатын Анна Данилина – Александра Круничтің финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар