Мәскеуде төрт жерлесіміз айқасады
Ертең Ресей астанасы – Мәскеуде аралас жекпе-жектен әйгілі бапкер Абдулманап Нұрмагомедовты еске алуға арналған халықаралық турнирдің тұсауы кесіледі.
Fight Nights және GFC ұйымдарының ең үздік спортшылары бас қосатын жарыста Қазақстанның төрт бірдей өрені өнер көрсетеді. Басты жекпе-жек орта салмақтағы (84 кило) Дәурен Ермеков пен ресейлік Владимир Минеев арасында өтеді. Қос спортшыны жақынырақ таныстыратын болсақ, 32 жастағы қандасымыз бастапқыда еркін күреспен айналысты. Одан кейін қоян-қолтық айқаспен шұғылданды. Октагонда осы күнге дейін 20 кездесу өткізген Дәурен 14 мәрте басымдық танытты. Тоғыз бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Соңғы рет ол осыдан үш жылдан аса уақыт бұрын Аюб Гимбатовтан ұтылса, одан кейін қатарынан бес рет рет жеңіс тойын тойлады.
Ал 30 жастағы Екатеринбургтың тумасы кикбокс пен муай-тайдың хас шебері. 15 мәрте айқас алаңына шыққан Минеев 13 жекпе-жекті өз пайдасынан шешті. 11 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Бір рет ұтылып, тағы бір бәсекеде тең есеп тіркелді.
Сондай-ақ, сол жарыста Гойти Дазаев иркутскілік Максим Буторинмен, Сәбит Жүсіпов калининградтық Александр Луневпен және Мұратбек Қасымбай дағыстандық Мұхаммед Эминовпен күш сынасады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық болады
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Бүгін «Барыс» командасы «Салават Юлаев» командасымен кездеседі
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қараша, 2024
Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024