Милан–2026: Қазақстан тағы 12 олимпиадалық жолдама жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 10:42
- 41
Конькимен жүгіру спортынан өткен әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына тағы 12 лицензия иеленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осылайша ел қоржынындағы жолдамалар саны 23-ке жетті.
Жаңа жолдамалардың басым бөлігі конькимен жүгіру сайыстарына тиесілі. Атап айтқанда, 500–5000 метр аралығындағы қашықтықтарда, масс-стартта және командалық жарыста қазақстандық спортшылар Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Нақты құрамды бапкерлер штабы анықтайды.
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина, сондай-ақ шорт-трек құрамасы Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын.
Олимпиадаға берілетін жолдамалардың түпкілікті саны 2026 жылғы қаңтар айының соңында белгілі болады.
Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
The Ring Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен алып тастады
- авторБақытжан Бекболат
- 19 желтоқсан, 2025
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
- авторБақытжан Бекболат
- 18 желтоқсан, 2025






