Спорт
Париж олимпиадасында ел намысын қорғайтын дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға атақ берілді
- авторИндира Тәліпқызы
- 19 маусым, 2024
- 526
Бұл туралы «Жеңіс» дзюдо клубының баспасөз қызметі мәлімдеді
Дарынды дзюдошы Әбиба Әбужақынова Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының үздігі. 48 кг салмақ дәрежесінде белдесетін Әбиба Әбужақыноваға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері жоғары дәрежелі атағы берілгенін қуана хабарлаймыз», - деп жазылған клубтың хабарламасында.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова – дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола медаль иегері, Grand Slam турнирінің жеті дүркін жүлдегері, Grand Prix рейтингтік турнирінің жеңімпазы, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Сондай-ақ ол Қазақстан әйелдер құрамасынан Париж Олимпидасында жолдама ұтып алған жалғыз балуан.
Келесі мақала
Таразда биыл жаңадан 75 аялдама салынды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Бүгін «Барыс» командасы «Салават Юлаев» командасымен кездеседі
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қараша, 2024
Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024