дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 2:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

ПСЖ «Лейпцигті» жеңіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты

ПСЖ «Лейпцигті» жеңіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты
ашық дереккөзі
ПСЖ «Лейпцигті» жеңіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты
Француздың ПСЖ командасы немістердің «РБ Лейпцигін» ойсырата жеңіп, Чемпиондар лигасының алғашқы финалисі атанды.
Португалияның Лиссабон қаласындағы «Эштадиу да Луш» стадионында өткен ойын 3:0 есебімен аяқталды. Алғашқы голды 13-минутта Анхель Ди Марияның әуелете асырған добына бірінші болып жеткен бразилиялық қорғаушы Маркиньос баспен тура соққы жасап, есепті ашты. 42-ші минутта Ди Марияның өзі гол соқты. 56-минутта Хуан Бернат сол баяғы Анхель Ди Марияның сол қапталдан әуелете асырған добын қақпаға баспен тура бағыттады. Есеп – 3:0, ПСЖ клуб тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалында! Ал небәрі 2009 жылы құрылған және жартылай финалға дейін жеткен «РБ Лейпциг» командасы турнирді осы жолдан аяқтады. Кездесудің үздік ойыншысы – Анхель Ди Мария.   Статистика: «РБ Лейпциг» – ПСЖ 0:3 Маркиньос 13, Ди Мария 42, Хуан Бернат 56. Допты иелік ету – 44% – 56%; соққы – 15:14; дәл соққы – 3:9; бұрыштама – 5:4; офсайд – 0:3; сары қағаз – 3:1; ойыншы алмастыру – 5:4. «РБ Лейпциг»: қақпашы – Гуляши; қорғаушылар – Мукиеле, Упамекано, Клостерманн (Орбан); жартылай қорғаушылар – Анхелино, Забитцер, Кампль (Адамс), Лаймер (Хальстенберг), Нкунку (Форсберг), Ольмо (Шик); шабуылшы – Поульсен (к). ПСЖ: қақпашы – Рико; қорғаушылар – Керер, Кимпембе, Силва, Бернат; жартылай қорғаушылар – Эррера (Верратти), Маркиньос, Паредес (Дракслер); шабуылшылар – Ди Мария (Сарабия), Мбаппе (Шупо-Мотинг), Неймар.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар