Спорт
Роналду Италия біріншілігінде дубль жасап футбол тарихына кірді
- авторjambylinfo.kz
- 28 қыркүйек, 2020
- 204
Роналду Италия біріншілігінде дубль жасап футбол тарихына кірді
Туриндік "Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропа біріншіліктерінде бірінші болып 450 гол соққан футболшы атанды.
Роналду кеше тунде Италия біріншілігінің екінші турында "Рома" қақпасына екі гол соқты (2:2). Осылайша ол Англия, Германия, Испания, Италия, Франция секілді үздік бес чемпионаттта рекорд орнатты.
450 гол соғу үшін Роналду 554 ойын өткізген. Ол "Ювентус" сапында Италия біріншілігінде 55, "Реал" сапында 311, "Манчестер Юнайтед" сапында 84 гол салған.
Роналдудың басты бәсекелесі - "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси. Аргентиналық шабуылшы 486 кездесуде 445 гол соққан.
Португалия құрамасының шабуылшысы "Ювентус" сапына 2018 жылы "Реалдан" ауысып келді. Роналду үшін туриндік клуб 112 миллионға шығындалды. 35 жастағы шабуылшының командасымен 2022 жылдың жазына дейін келісімшарт бар. Ол биыл екі кездесу өткізіп, үш гол соқты.
vesti.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024