«Түсінбей жатырмын». Дзюдошы журналистке қазақша сөйлеуді талап етті
- авторjambylinfo.kz
- 12 мамыр, 2024
- 595
Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде қола жүлде алған Бақытжан Абдурахманов журналистен қазақша сұрақ қоюды сұрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Турнирдегі кезекті жекпе-жектен соң Бақытжан Әбдірахманов журналистерге сұқбат беріп тұрғанда тілшілердің бірі оған орыс тілінде: “Ең қиын қарсылысыңыз кім болды?” деп сұрақ қойды.
“Қазақша айтасыз ба? Мен түсінбей жатырмын,” - деп жауап берді дзюдошы.
Дегенмен, өзге журналистер сұрақты мемлекеттік тілге аударып берді. Бұл сауалға жауап бере отырып, ол ресейлік Махмадбек Махмадбековпен күресу қиын болғанын жеткізді.
Аталған жарыста Бақытжан Әбдірахманов үшінші орын үшін таласта ирландық Джошуа Гринды жеңіп қола медаль алды.
Еске салайық Астана қаласында дзюдодан “Үлкен Дулыға” турнирі осымен екінші рет өткізіліп жатыр. Жарыс 10-12 мамыр аралығына жоспарланған. 84 мемлекеттен келген 450 спортшы әртүрлі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Су тасқыны: 111 үйге дезинфекция жүргізілді
Ұқсас жаңалықтар
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024