UFC-дегі дебютін сәтті бастады
Күні кеше Әбу-Дабидегі (БАӘ) «Жауынгерлер аралында» ұйымдастырылған UFC 254 турнирінде жерлесіміз Шавкат Рахмонов бразилиялық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, айтулы ұйымдағы дебютін сәтті бастады.
Әлемдік белді ұйымдағы тұңғыш жекпе-жегін өткізген Рахмонов алғашқы айқасын «Ковбой» лақап атымен танымал бразилиялық файтер Алекс Оливейрамен (22-8-1-2) өткізді. UFC-де біраз уақыттан бері өнер көрсететін Оливейра бұл кездесуде отандасымызға бір раунд та қарсы тұра алмады. Жекпе-жектің бірінші кезеңі аяқталуға санаулы секундтар қалғанда Оливейра Рахмоновтан жеңілгенін мойындап, жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, жерлесіміз өзінің 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Бір айта кетерлігі, Рахмонов барлық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген.
Айта кетейік, UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи бақ сынап, ресейлік спортшы мерзімінен бұрын тізе бүктірді. Карьерасындағы 29-шы жеңісінен қол жеткізген Нурмагомедов спорттан кететінін мәлімдеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024