«Жүрек талмасы ұстаған»: бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев ауруханаға жеткізілді
- авторjambylinfo.kz
- 11 тамыз, 2024
- 687
Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Парижде Хасанбой Дусматовтың жеңісінен кейін жүрек салмасы ұстап қалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
The Guardian жазуынша, бейсенбіде Хасанбой Дусматов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған соң, 41 жастағы Толқын Қылышев пен оның командасы рингтен оралып, жаттығу залында тойлап жатқанда бас бапкердің жүрек талмасы ұстаған.
Дәл сол кезде Ұлыбритания бокс құрамасының дәрігерлері Хардж Сингх пен Робби Лиллис оған алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен.
«Өзбекстан бапкерлері жаттығу залына келіп, жеңісті тойлай бастады. Сосын айқайлаған дауыс шықты. Хардж бірінші болып олардың қасына жетіп барды. Мен оның соңынан бардым. Мен барған кезде Хардж жүрек талмасының бетін қайтаратын реанимация істеп жатыр екен. Мен жедел жәрдем көрсетуге арналған сөмкені ашып, дефибриллятор алып, электрод қойдым. Басында ол өз-өзіне келмеді, сосын 20-30 секундтан соң есін жиды», – дейді физиотерапевт Робби Лиллис.
Қылышев ауруханаға жеткізілді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Тоқаевтың жарлығымен бірқатар құрылысшылар марапатталды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық боксшы Дулат Бекбауов Азия чемпионатын жеңіспен бастады
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қараша, 2024
16 жастағы қазақ футболшы «Челси» командасында ойнауы мүмкін
- авторjambylinfo.kz
- 26 қараша, 2024