Көкпардан Шымкент қаласында өтіп жатқан ел чемпионаты өз мәресіне жетті.
Көкпардан Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасының XXIV чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік шабандоздар бақ сынап, тартысты ойынның өрнегін көрсетті.
Финал жергілікті азулы Шымкент қаласының құрамасына қарсы өткізілген болатын.
Тартысқа толы ойынның бірінші кезеңі 1-1 есебімен аяқталса, ойынның екінші кезеңінде әулиеаталықтар есепті еселеп 4-2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша XXIV рет ұйымдастырылған ел чемпионатында Жамбыл облысының көкпаршылар 15-ші рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілуде.
Ал, екінші орынды Шымкент қаласының командасы иеленсе, үшін орынды Астана қаласының көкпаршылары еншіледі.
Келесі мақала






