Жеңісін Үшкемпіровке арнады
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Ресейде өткен Fight Nights Global 98 турнирінде жарыс қожайынымен бақ сынап, алғашқы раундта айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Мәскеу төрінде ұйымдастырылған айқаста жерлесіміз әу баста ресейлік Олег Косиновпен (7-5) кім мықтыны анықтау керек болатын. Алайда жарысқа бір күн қалғанда Хамитовтың қарсыласы өзгеріп, Косиновтың орнына тағы бір ресейлік спортшы Ахмад-Хан Боков шығатыны белгілі болды. 74 кило салмақ дәрежесінде өткен бәсекеде «Найман» лақап атымен танылған отандасымыз Боковты бірінші раундтың орта тұсында қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.
Жекпе-жектен кейін сөз алған Хамитов бұл жеңісін жуырда ғана өмірден өткен, жекелей спортта қазақтан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке арнайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Қуат Хамитов 2016 жылдан кейін аралас жекпе-жек спортында бірінші рет жеңіс тойын тойлады. Бұл уақыт аралығында үш айқас өткізген ол үшеуінде де қарсыласына жол берген еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Roland Garros турнирі басталды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Бүгін «Барыс» командасы «Салават Юлаев» командасымен кездеседі
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қараша, 2024
Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024