Табиғаттың ерекше құбылысы Бесқонақ туралы не білеміз
Қазақ халқының табиғатпен біте қайнасып өмір сүргені белгілі. Олар ауа райының өзгерістерін, табиғат құбылыстарын бақылап, өз тіршілігіне бейімдеп отырған. Солардың бірі – көктем мезгіліндегі ерекше құбылыс «Бесқонақ».


