Конституциялық реформа: Кәсіподақтар федерациясы қазақстандықтарға үндеу жасады
Жұма күні, 6 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясында ҚРКФ Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын егжей-тегжейлі талқылауға арналған іс-шара өтті.


