Қорғаныс министрлігі кімдердің әскери борышын өтемеуге болатынын айтты
Қазақстанда әскерге шақыру жүйесі жаңа деңгейге өтті. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, «Smart военкомат» платформасы азаматтардың мәртебесін автоматты түрде тексеріп, әскерге шақыртуға жатпайтындарды ешқандай құжат талап етпей-ақ тізімнен шығарады.





