бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 8:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Даңқ залындағы жәдігерлер қатары толықты

Даңқ залындағы жәдігерлер қатары толықты
ашық дереккөзі
Даңқ залындағы жәдігерлер қатары толықты
Осыдан 10 жыл бұрын жамбылдық жастар Ұлы Отан соғысында «Марс» операциясына қатысқан жамбылдықтар жайлы деректерді іздестіруді қолға алған еді. Сол жылдардағы жастар ұйымдарының көшбасшылары «Марс-2009-2010» жобасын жүзеге асырып, отты соғыста «Марс» операциясына қатысқандар мен олардың туған-туысқандарын іздестіру жұмыстарын жүргізген болатын. Сол ізденіспен табылған жәдігерлерді Тараз қаласындағы Жеңіс саябағында орналасқан Даңқ залының музейіне қойды. Жобаны жүзеге асырушы жастар бірлестіктерінің бірінің көшбасшысы болған Әлия Арзымбетова: –Облыста «Марс» операциясына қатыстырылған және 39-ыншы Калинин майданының құрамында 100-інші және 101-інші атқыштар бригадасында жауынгерлік міндеттерін атқарған 124 жамбылдық азаматтар болғанын естігенде, ізденіске біз ерекше құлшыныспен кірістік. 100-інші және 101-інші атқыштар бригадасы Алматы қаласында, Ақтөбе облысында құрылған екен. Олардың ішінде басым бөлігі өзіміздің қара көз қазақ азаматтары болған. Біз ізденумен қазақ жауынгерлердің 14 отбасын тапқан болатынбыз. Сол кісілермен бірге Ресей жеріне барып, Отан үшін қаза тапқан аталарымызға тағзым етіп келгенбіз. Сонымен қатар, соғыс болған жерлерден каскаларын, гильзаларын және аталарымызға мәңгілік мекен болып бұйырған топырақты құтыға салып алып келген едік. Ол азаматтар жайлы Мақұлбек Рысдәулет ағамыз біраз дүниелер жазды. Сол кітаптармен бірге «Марс» операциясына қатысқан жамбылдық жауынгерлер жайлы жиналған деректерді бүгін міне музейге тапсырып отырмыз, -дейді. «Марс-2009-2010» жобасын жүзеге асырған жамбылдық жастардың түпкі көздегендері – кешегілердің ізін іздеп тауып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, Отан үшін отқа түсіп күймеген батыр бабалардың ерлігін ел есінде сақтауға үлес қосу. Өткеннің өнегесімен келешектің иелеріне патриоттық тәрбие, өр мінез қалыптастыруды көздеген жоба олжалы аяқталғаны анық. Қамар ҚАРАСАЕВА
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар