жұма, 27 желтоқсан, 2024 20:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ХХ ғасыр басында Әулиеатада қанша мектеп болды?

ХХ ғасыр басында Әулиеатада қанша мектеп болды?
ашық дереккөзі
ХХ ғасыр басында Әулиеатада қанша мектеп болды?

Патшалық Ресей құрамына толығымен ене бастаған Қазақстан мен Орта Азия халықтарына ағартушылық пен білім беру саласы кең қанатын жая бастады. 1864 жылы орыс әскерлерінің Оңтүстік өңірді жаулап алуымен Әулиеата өңірі де толығымен Ресей қарамағына өтеді. «Айқап» газетінің 1-ші санында «Әулиеата хабарлары» атты мақала шығады. Онда дін исламды білім-ғылым арқылы тану, Әулиеатадағы оқу жайы, мәдениеттің басқа қалалармен салыстырғанда артта қалғандығын сөз еткен.

Әулиеата қаласындағы ең алғашқы мектептердің пайда болуы Кеңес үкіметі орнамай тұрған уақытқа келеді. Соның бірі 1878 жылы 10-шы маусымда Сыр-Дария генерал губернаторлығының жарлығымен ашылған екі сыныптық училище. Генерал адютанд Фон Кауфман мұрындық болған бұл мектеп 1914 жылдан бастап қана жоғарғы бастауыш училищесі ретінде танылған. 1924 жылдан бастап болшевиктердің көсемі В.И. Ленин атауын иемденген. 1919 жылғы Педагогикалық кеңестің шешімімен табысталған куәліктерге қарасақ, оқушылар: орыс тілі, химия, соғыс ісі, сызу, еңбек, сурет, әдебиет, математика, география, физика, жалпы тарих, француз тілі, неміс тілі, жаратылыстану қоғамдық ғылымдарды оқыған.

1929 жылдары Әулиеата қаласында В.И. Ленин атындағы 9 жылдық мектеп, 7 жылдық Қазан төнкерісі, (им. Годовщина Октябрской Революции) атындағы мектеп, Карл Маркс атындағы 7 жылдық қазақша мектеп, №88 Темір жол мектебі, 3 ші Өзбек мектебі, 1 кезеңдік мектептері болған.

Сонымен қатар сол кездері бүкіл Әулиеата ауданы мен Қырғызстанның бір бөлігіндегі оқушыларды қамтитын, сиымдылығы жағынан үлкен Орталық аудандық және қалалық мектеп те болған. Бұл мектептерде оқушыларды оқытатын арнайы бөлмелер де болған. Сабақтар ұстаздардың кабинетінде өтеді.

1928-1929 жылдары Ленин атындағы мектепте әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан жалпы саны 377 оқушы білім алған. Оның ішінде ер бала 200, қыз бала 177, комсомол қатарында 97, пионерлер 52, орыс 309, қазақ 6, татар 6, еврей 1, армян 2, украин 50, неміс 3 оқушы болған.

1967-1968 жылғы әкімшілік реформалардан кейін білім беру тек орыс халықтарының арасында емес, өзге де ұлт өкілдерінің, оның ішінде 1860 жылға дейін діни сауатпен ғана сусындаған қазақтардың арасында мектептер ашыла бастады.

Жамбыл облысының мемлекеттік архиві

(Негізі: ЖОМА. Қ.90 Т.1 Б.1 Іс.6 П.8-9, 44-45)

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар