Шекспир пьесалары 10 млн долларға сатылды
Уильям Шекспирдің алғашқы пьесалар жинағының түпнұсқа көшірмесі Christie’s аукционында 10 миллион долларға сатылып, әдеби шығармалардың аукциондық бағасында әлемдік рекорд жаңартты.
Ағылшынның әйгілі ақыны һәм драматург Шекспир шығармасының жаңа рекорд орнатқан аукционы Нью-Йорк қаласында өтті. 10 млн долларға сатылған жинақ, яғни автордың «алғашқы фолианты» – Шекспирдің қазасынан соң жеті жылдан кейін 1623 жылы жарық көрген. Сарапшылардың пікірінше, бұл – антиквариат нарығында «шамамен, дәуірде бір рет» болатын сирек лот. Ал сирек лоттың басты кейіпкері кім дейсіз ғой? Ол – ескі кітаптар коллекционері Стефан Лёвентхейл.
Шекспирдің дәл осы пьесалар жинағы жарық көрген кезде драматургтің 36 туындысының 18-і алғаш рет басылып шыққан. Олардың қатарында «Макбет», «Дауыл», «Юлий Цезарь» сынды шедевр шығармалар бар. Автордың «алғашқы фолинатының», шамамен 235 көшірмесі бар екені белгілі, бірақ оның бәрі бірдей толық емес. Қазіргі уақытта тек алты кітап қана жеке меншіктің қолында.
Шекспир шығармаларының аукциондағы сатылымы соңғы рет 2001 жылы рекорд орнатқан болатын. Ол кезде пьесалар жинағының көшірмесі 6 миллион долларға сатылған еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала