Абай үй ішімен бірге түскен сурет. 1903 жылдың жазында киіз үйдің ішінде түсірілген.
Бірінші қатарда: Пәкизат (бөрік киіп отырған қыз бала), Тұрағұл, Әубәкір отыр. Пәкизат пен Әубәкір екеуі – Ақылбайдың балалары. Абайдың інісі Оспан оларды бауырына салып, өз баласы санаған.
Екінші қатарда – орындықта отырған Абай, Еркежан, Камалия (Әубәкірдің әйелі).
Үшінші қатарда – Мағауия. «1903 жылғы суретте Абайдың үстіне киген киімі жинақы тігілген, алдыңғы жағасы қиғаш, қайырма, түсі бозғылт көрінетін, сірә, көкшіл, немесе сұр шапан және дөңгелек тақия» (М.Мағауин «Абайдың суреті» эссе, шығармалар жинағы, 10 том, 57-б.).
Фотосуретті 1959 жылы Абай музейіне Мұхтар Әуезов тапсырған, негізгі қор кітабында 461/542 номерімен тіркеулі. Фотосуреттің өлшемі – 13х23 см.
Ұлы ақынның бұл тарихи фотобейнесі ұзақ жылдардан бері музей экспозициясына қойылып, көрсетіліп келеді. Көптиражды жолкөрсеткіш кітаптарға да басылып, жұртшылыққа кең таралған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз