дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қыз алдындағы намыс (Әбілxан Қастеев атамыздың өмірінен үзінді)

Қыз алдындағы намыс (Әбілxан Қастеев атамыздың өмірінен үзінді)
ашық дереккөзі
Қыз алдындағы намыс (Әбілxан Қастеев атамыздың өмірінен үзінді)
Қой бағып жүрген кезінде әке-шешесі Әбілханды үйлендірмек болады. «Баламыздың үлкені сен тұрғанда, інілеріңе қалай үйлен деп айтамыз? Жөні түзу біреудің қызын атастырайық, үйлен балам!» – дейді. Әбілхан: «Қойды тастап, оқимын, әйел алмаймын», – деп көнбейді. «Бұл оқуға кетпей тұрғанда, аяғына матау салайық» деп, әке-шешесі бір сіргелінің қызына құда түседі. Қыз да Әбілханды менсіне қоймай: «Қойшыға тимеймін, онымен байдың есігінің алдында жалшылықта жүретін жайым жоқ», – деп азар да безер болады. Әбілханның да үйленуге құлқы жоқ. Бірақ әке-шешенің сөзін аттап кетуге батылы жетпей, басы қатып жүргенде, қыз басқа біреумен қашып кетеді. «Қап, сені ме?» – деп қызға қатты күйінбейді, бірақ намысына тиген осы оқиға Әбілханның көңіліне аз да болса сызат түсіреді. Дүние алма-кезек деген. Алматыда оқуға түскен соң галстук таққан қалпымен төреге ұқсап, қыздың көзіне түскісі келеді. Әбілхан қасына кісі ертіп, қатар жатқан ауылға әлгі келіншектің үйіне барады. Жалшылықтың жұрнағы да қалмаған, қаланың адамдарындай киінген Әбілханды көріп, қыз «көтек» деп құлап қала жаздап, есін жиып үйден шыға жөнеліпті. (Әбілxан Қастеев атамыздың өмірінен үзінді) Қайрат Нұрлықасымұлы. zhambylnews
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар