Тарих-таным
Жамбылда қант қызылшасы өсіріле бастағанына – 88 жыл
- авторjambylinfo.kz
- 6 қараша, 2020
- 389
Жамбылда қант қызылшасы өсіріле бастағанына – 88 жыл
Жамбыл жеріне қызылша ұрығының егіліп келе жатқанына биыл 88 жыл толып отыр.
Қант қызылшасын егуді ең алғаш 1932 жылдың көктемінде Меркі ауданында, құлызыған кең далада басталған екен. Алғашқы жылы 500 гектар егіп, әр гектарынан 50 центнерден, небәрі 2500 тонна өнім алып, жартысын тұқымға қалдырып отырған. 1935 жылдары Меркі қант зауыты іске қосылғанда 2000 гектар егістіктің әр гектарынан 150 центнерден жинап, жалпы өнімін 30 мың тоннаға дейін жеткізген. Тәтті дақылды өсіру осылай қолға алынған екен.
1937 жылы Жамбыл қант зауыты біртіндеп іске қосыла бастағанда облыста 6490 гектар қант қызылшасының әр гектарынан 290 центнерден өнім алынып, жалпы түсімді 188,200 тоннаға жеткізген еді. Соғыс жылдары егіс көлемі 17-18 мың гектарды құрады. Алайда жалпы өнім оншалықты мол бола қойған жоқ. Оның себебі тек қана себу мен қопсытуынан басқа жұмыстың барлығы қол күшімен атқарылғандығы.
Қызылшаның майталманы, ерен еңбектің жұлдызды жаны Сындыбала Оңғарбаева апамыз да сол кездері бел бүкпей еңбек етті. Соғыстан кейін «мол өнім алушы гектаршылар» деген шықты. 1947 жылы Сындыбала апамыз өз звеносымен әр гектардан 810 центнерден өнім алы. Одан өзге 8 адам «Қызыл Жұлдыз» колхозынан Социалистік еңбек ері атағын алды. Олардың ішінде Дариға Жантоқовада бар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала