жексенбі, 24 қараша, 2024 13:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 47 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды

Жамбылда 47 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды
ашық дереккөзі
Жамбылда 47 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды
https://youtu.be/21SMaTVWKRQ Жыл басынан бері Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімі 957 млрд. теңгені құраған. Құрылыс саласында 132,6 млрд теңге игерілсе, 480,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көлік және қоймалау бағытындағы көрсеткіш өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 106 %-ға артқан.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде баяндады.

Спикердің айтуынша, биыл Жамбыл облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында 29 инфрақұрылымдық жобалар іріктелген. Бүгінде барлық жоба бойынша жұмыстар басталып кетті. Әзірге  699 жұмыс орны құрылып, оның 529-ы халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы тартылды. Ал жыл басынан бері 10 831 отбасындағы 54 734 адамға 2010,3 млн теңге көлемінде Атаулы әлеуметтік көмек берілсе, еңбекке жарамды  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 1 749 адам шақырылған.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар