сәрсенбі, 7 қаңтар, 2026 6:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"100 млн теңге көлемінде алаяқтық жасаған":  Күдікті Ресейден экстрадицияланды

"100 млн теңге көлемінде алаяқтық жасаған":  Күдікті Ресейден экстрадицияланды
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Бас прокуратура жазды

Аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 «Күдікті 2024-2025 жылдар аралығында Тараз қаласында өзін коммерциялық ұйымның қызметкерімін деп таныстырып, қаражатты инвестициялау арқылы жоғары табысқа уәде беріп, азаматтарды әртүрлі тауарларды көтерме сатып алу және кейіннен сату бойынша бірлескен кәсіппен айналысуға шақырған. Алайда ол өз міндеттемелерін орындамай, алған ақшасын жымқырып, қажеттілігіне жұмсаған.

Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 млн теңгеден астам залал келтірілген»,-делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Өткен жылдың тамызында күдікті Ресейде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланған. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамауға алынған.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар