
2024 жылдың мамыр айында Түркістан облысындағы «Б.Қонысбаев» шекара-кеден бақылау бекетінде ірі есірткі заттардың контрабандасы тоқтатылды. Шекарадан өтіп бара жатқан жүк көлігінен аяқ киімге арналған крем ретінде жасырылған 700 кг астам героин табылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тергеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары Түркия Республикасының екі азаматының қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу нұсқасы бойынша, есірткі Қазақстан арқылы үшінші елдерге тасымалданбақ болған.
- Сотқа дейінгі өндіріс аяқталғаннан кейін, Бас көлік прокуратурасы тергеу органныңұстанымымен келісіп қылмыстық істі Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жол құрылысын жүргізген мердігерден пара алған шенеуніктер сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 31 наурыз, 2025
«Қазақстандықтарды алдап соққан»: Шетелде қылмыстық топ ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 18 ақпан, 2025