Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына қатысты қылмыстық іс қаралды. Марқұм отбасылық жанжал кезінде күйеуінің соққысынан көз жұмған. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі — «Адам өлтіру» бойынша сараланды.
8 қаңтарда мемлекеттік айыптаушы Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Алайда сот үкімімен ол 14 жылға сотталып, жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейтін болды. Сонымен қатар сот шешімімен айыпталушыдан жәбірленуші тараптың пайдасына 20 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру көзделді.
Айта кетейік, тергеу барысында күдіктінің әрекеті бастапқыда «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабы бойынша бағаланған. Алайда марқұмның ата-анасы мен қоғам тарапынан көтерілген талап-тілектен кейін іс қайта қаралып, ауыр бапқа ауыстырылды. Тергеу кезінде марқұмның денесіне эксгумация жасалып, сотта оның ауруханаға жеткізілген сәтіндегі бейнежазбалар да ұсынылған.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда есірткі тасымалдады деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 қаңтар, 2026
Былтыр елімізде іздеуде жүрген 1600-ге жуық қылмыскер ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 6 қаңтар, 2026






