жұма, 10 қаңтар, 2025 1:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Енді көлікті 5 минуттан артық қыздырғандар айыппұл арқалай ма

Енді көлікті 5 минуттан артық қыздырғандар айыппұл арқалай ма
Коллаж - Jambylinfo.kz
Бұл сұраққа ІІМ жауап берді

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынады деген ақпарат тарағалы жүргізушілерден маза кетті. Әлі қызу талқыға түсіп жатыр. Ал, шын мәнісінде заң жол жиегінде сәл бөгелген көлікті айыпты етуге не себеп екенін ішкі істер министрлігінің өкілі түсіндірді, деп жазады Jambylinfo.kz

  Ulysmedia.kz тілшісіне ішкі істер министрлігі тұрғын үй тұрған аймақта қозғалтқышы бар көлік құралының тоқтап тұруы жайлы былай түсіндірген.

  • ІІМ 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген жол жүрісі қағидаларына сәйкес, көліктің тоқтап тұру – көлік құралының қозғалысын жолаушыларды отырғызу немесе түсірумен, не көлік құралын тиеу немесе түсірумен байланысты емес себептер бойынша бес минуттан артық уақытқа әдейі тоқтату саналады. Ереженің 88-тармағы 5-тармақшасына сәйкес, тұрғын пункттерде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көлік құралдарының тұрғындарға қолайсыздық тудырып тоқтап тұруына тыйым салынады. Осындай талап ЖЖҚ-ның 17-бөлімінің 122-тармағы 4-тармақшасында да көрсетілген, – делінген ІІМ хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл жаңа норма емес. 20 жылдан астам уақыттан бері бар. ІІМ түсіндіруінше, егер көлік құралы бес минуттан артық жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен тоқтап тұрып, тұрғындарға қолайсыздық тудырса, бұл жағдайда әкімшілік кодекстің 597-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың құрамына сәйкес қарастырылады.

  •  Сонымен қатар ішкі істер органдары аталған құқық бұзушылық үшін азаматтарға жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді. Айта кету керек, көрсетілген бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс азаматтардың шағымдары түскен кезде ғана, куәгерлер құқық бұзушылық фотосы мен бейнематериалдарын ұсынған жағдайда ғана қозғалады, – дейді ІІМ.

Айта кетейік, бұл талапты бұзғаны үшін алғашқы жағдайда 19 660 теңге көлемінде айыппұл салынады, ал қайталанса, 39 320 теңге айыппұл төлеуге тура келеді. Айыппұл салу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі және құқық бұзушылық жасалған уақыт пен күні көрсетілген 5 минуттан астам бейнежазба қажет.

Ұзақ уақыт көлікті жылыту жанармай шығынын арттырып қана қоймай, атмосфераға зиянды заттардың, соның ішінде көміртек тотығының бөлінуіне себеп болады.

Сонымен қатар, көлік жүргізушісі мен жолаушыларға қауіпсіздік белдігін тағу міндеттелген. Бұл талапты орындамаған жағдайда да 19 660 теңге көлемінде айыппұл қаралған.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар