
Астана және Алматы қалалары бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткіні елге жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қабылданған шаралардың нәтижесінде есірткі арнасын ұйымдастырған адам қамауға алынған.
- Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша ҰҚКД жедел қызметкерлері прокуратураның көмегімен есірткінің ірі партиясы бар қойманы тапты. Есірткі затын сақтады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен Қазақстанның азаматы қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, есірткі аймақта жұмыс істейтін ірі есірткі дүкенінің мүддесі үшін интернет арқылы сатылған,- делінген хабарламада.
Осы іс-шаралардың нәтижесінде 18 кг психотроптық заттар мен 500 литрден астам прекурсорлар тәркіленген.
- Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды,- деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.
Жазда қанша оқушы лагерьлерде демалатыны белгілі болды
Ұқсас жаңалықтар
Фитосанитарлық бекетте пара алған испекторларға үкім шығарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 мамыр, 2025