Карантин талаптарын сақтамаған жолаушы тасымалдаушылар жауапқа тартылды
- авторjambylinfo.kz
- 20 тамыз, 2020
- 221
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е. Жазылбек «Заңсыз жолаушы тасымалы мен стихиялық (заңсыз) тұрақтарды жою бойынша» іс-шара жоспарын бекіткен болатын. Аталған жоспардың 12 тармағын орындау мақсатында облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының бойында карантиндік режимде заңсыз жолаушылар тасымалын болдырмаук мақсатында рейд өткізді. Шараға Жергілікті полиция қызметі, облыстық көлік инспекциясы және Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері де қатысты. Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігерінің 14 тамызындағы № 32 қаулысына сәйкес, облысаралық және облысішілік ауданаралық тұрақты автомобиль маршруттары уақытша карантин мерзімінде тоқтатылған. Алайда, облысымызға көршілес жатқан өңірлердің автобустары заңсыз негізде жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды тоқтатпаған. Рейдтік іс шара барысында 15 автобус тексерілді, Оның ішінде: • 5 бірлік Шымкент қаласының автобустары; • 7 бірлік Түркістан облысының автобустары; • 2 бірлік Алматы қаласының автобустары; • 1 бірлік Жамбыл облысына тиесілі. Жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзу фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 571 б. 2, 3 тармақшалары бойынша 3 хаттама толтырылып, 10 автобусқа ескерту берілді.
Жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында аталған шаралар жыл соңына дейін «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының бойында және Тараз қаласының стихиялық тұрақтарында тұрақты түрде жүргізілетін болады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз