Петропавл зауытының бұрынғы директоры 11 жылға сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 24 шілде, 2024
- 369
Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас және атқарушы директорларына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сай, 2022 жылы зауыт Қорғаныс министрлігінен әскери техниканы жөндеуге тапсырыс алғаны анықталған. Оны орындау кезінде жеке кәсіпкермен жалпы сомасы 283,3 млн теңгеге қосалқы бөлшектер жеткізуге шарт жасалған.
Орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және шартты орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бас директор атқарушы директор арқылы кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары (45 млн теңге) сомасында пара алған.
- Сотпен зауыттың бұрынғы бас директоры аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 11 жылға, атқарушы директор - төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, мемлекет кірісіне 40 млн теңгеге пара сомасына сатып алынған пәтер тәркіленді. Қалған 5 млн теңге сотталғандардан тең үлестермен өндірілді,- деп мәлімдеді ҚМА.